АЙМАҚТАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ БІРІ
КАТКО кадрлық саясаты Қазақстанның мәдени әр алундықты толық меңзейтін компания деп атана алады. Мұнда 20-дан астам этникалық топтардың өкілдері жұмыс істейді, бұл, компаниямыздың шынымен халықаралық екенін көрсетеді.
КАТКО әр түрлі жастағы және мансаптың әртүрлі кезеңдеріндегі адамдарды жалдайды. Компания екінші және үшінші жастағы қызметкерлердің дүниетанымы мен тәжірибесін, сондай-ақ олардың жас мамандарға тәлімгерлік ету қабілетін бағалайды. Компания жас көшбасшыларға құрамы бойынша әр түрлі басқару командасынан сабақ алуға және Франция мен Қазақстанда оқытудың бірегей мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жыл сайын КАТКО қызметкерлер үшін кәсіби біліктілікті арттыру және жаңа мансаптық дағдыларды меңгеру салаларындағы оқытуды ұйымдастырады. Сондай-ақ, компания өз қызметкерлеріне ағылшын тілін оқып үйренуге мүмкіндік береді.
КАТКО шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде әйелдерді тартуға тырысады, олардың құқықтарын, сондай-ақ қос ата-ананың да бала күтімі және отбасы жағдайына байланысты алынатын демалыс сияқты құқықтарын қамтамасыз етеді. Компания қазіргі жұмыс күшімен салыстырғанда әйелдердің одан да көп пайызын жұмысқа тартуға тырысады.
Сіз бос жұмыс орны дегенді нұсқау арқылы (сайтқа өту hh.kz) немесе бос лауазымның атауы көрсетілген түйіндемеңізді katco_cv@orano.group электрондық мекенжайына жіберу арқылы үн қосуыңызға болады. Егер сіздің тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз бос лауазымның сипаттамасына сәйкес келсе, "КАТКО" серіктестері сізге хабарласатын болады.