ЖЫЛДЫҚ ҚУАТТЫЛЫҒЫ – 4000 ТОННАҒА ДЕЙІН УРАН
ҚАЗАҚСТАНДА УРАН ӨНДІРУДІҢ ЖЫЛДЫҚ КӨЛЕМІНІҢ 15%-ы
ЖЫЛЫНА УРАН ӨНДІРУДІҢ ӘЛЕМДІК КӨЛЕМІНІҢ 7%-ы
2006 ЖЫЛДАН БЕРІ 45 000 ТОННАДАН АСТАМ УРАН ӨНДІРІЛДІ
КЕНІШ БОЙЫНША 3D ТҮСІРІЛІМ
"КАТКО" БК ЖШС-ны 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы (51%) мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ қазақстандық ұлттық атом компаниясы (49%) Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеру үшін құрды.
Өзінің әлеуметтік бағдарлануымен және жауапкершілігімен танымал КАТКО Түркістан облысының Созақ ауданындағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда компания әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ операторы болып табылады.
Тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің, сондай-ақ жұмыстың және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының арқасында КАТКО әлемдегі ең ірі және табысты уран өндіруші кәсіпорындарының бірі, Қазақстан Республикасындағы уран өндіру өнеркәсібінің озық үлгісі болып саналады.