ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫҚ ШАЙМАЛАУ
Уран өндірудің ең экологиялық таза және бақыланатын әдісі

ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫҚ ШАЙМАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) технологиясы – бұл дәстүрлі әдістермен – ашық карьерде немесе шахталарда өндіру мүмкін болмайтын, құмтас жыныстарындағы шоғырдан уран алудың сынақтан өткен әдісі.

Қазіргі уақытта ЖҰШ уран өндірудің ең жиі қолданылатын әдісі болып табылады. Ол, мәселен, мыс сияқты басқа металдарды алу үшін де қолданылады.

ЖҰШ әдісінің жұмыс принципі: шаймалау ерітіндісі ұңғымалар арқылы шөгінділерге енгізіледі және уранды еріту үшін сол жерде айналады. Содан кейін құрамында уран бар ерітінді шөгінділерден сорып шығарылады, өңдеу зауытына түседі де, онда ол шайырмен араластырылады. Әрі қарай, уран бөлшектері шайырдан бөлініп, тазартылады, шоғырландырылады және тасымалдау үшін бөшкелерге соңғы өнім ретінде орналастырылады. Ураннан тазартылған шаймалау ерітіндісі қайтадан шөгінділерге енгізіледі, бұл ЖҰШ әдісін тұйық цикл етеді.

Бұл тәсіл беткейдің бүлінуін барынша азайтады және қалдықтар мен бос жыныстар түзбейді. Күрделі шығындар көлемі төмен (өндірудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда), және көбінесе ЖҰШ уран мөлшері төмен кен орындарын игерудің ең тиімді әдісі болып табылады.

Бүгінгі күні ЖҰШ технологиясы осындай жоғары деңгейге жеткен, қатаң регламенттеу мен реттеу шараларымен бақыланатын, қауіпсіз және экологиялық қолайлы өндіру әдісі болып табылады.

ӘЛЕМДЕГІ УРАННЫҢ ШАМАМЕН 50% ЖҰШ ӘДІСІМЕН ӨНДІРІЛЕДІ
Қазақстанда уранның 100% ЖҰШ әдісімен өндіріледі
ЖҰШ БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ЖҰШ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ


ЖҰШ - танымал әдіс, себебі ол дәстүрлі өндіру әдістеріне қарағанда бірқатар экономикалық, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие:

• Күрделі салым шығындарының төмендігі (тау-кен өндіру, кенді ұсақтау паркінің жоқтығы, ықшамдалған өңдеу зауыты)

• Пайдалану шығындарының төмендігі (жару және жер қазу жұмыстарының жоқтығы)

• Өндіріс қуаттылығының жоғары икемділігі

• Қосалқы жыныстар мен кендердің жоқтығы

• Карьерлердің, қалдық үйінділерінің немесе қалдық қоймаларының жоқтығы

• Қоршаған ортаның көзге көрінетін бүліну төмендігі

• Шудың, шаңның және дизель отыны шығарындыларының өте төмен деңгейі (ауыр техниканы өте аз пайдалану, жүк тасымалдау жолдарының жоқтығы)

• Көмірқышқыл газы шығарындыларының аздығы

Біз Қазақстанның Климаттың өзгеруі туралы Париж келісіміне қол қойғанын құптаймыз. ЖҰШ технологиясын қолдану көміртекті көп қажет ететін әдістерді қолданатын мұнай-газ компанияларымен және шахтадағы жұмыстармен салыстырғанда көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

ЖҰШ БОЙЫНША КАТКО ИННОВАЦИЯЛАРЫ


Компанияда ЖҰШ технологиясын әзірлеу үшін көптеген инновациялар енгізілді.

Олардың ішінде нақты уақыт режимінде өндірісті бақылауға арналған “OSIDEM” құралы және ЖҰШ үдерісін тек операциялар үшін ғана емес, мұнымен қатар қоршаған ортаны қорғауға арнап та моделдеуге арналған "HYTEC" құралы бар.

HYTEC
OSIDEM

ЖҰШ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ


ЖҰШ жобасының барлық кезеңдерінде қоршаған ортаны мониторингілеу және ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ маңызды болып табылады.

КАТКО үздік тәжірибелер мен инновацияларды, қоршаған ортаны қорғау үрдісін үнемі жетілдіру үдерісін инвестициялайды.

Қазақстандағы жұмыстар жүргізу мысалында сілтілеу ерітіндісінің әсерінен қышқылдандырудың сулы деңгейжиектерге әсері уақыт өте келе табиғи түрде әлсірейтіні белгілі болды.

Минералданған сулы деңгейжиек бастапқы күйіне оралатын үдеріс табиғи ыдырау деп аталады.

КАТКО Орано-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер және әзірлемелер бөлімінің қолдауымен осы табиғи ыдыраудың сипаттарын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізуде.

КАТКО ТУРАЛЫ

"КАТКО" БК ЖШС-ны 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы (51%) мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ қазақстандық ұлттық атом компаниясы (49%) Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеру үшін құрды.

Өзінің әлеуметтік бағдарлануымен және жауапкершілігімен танымал КАТКО Түркістан облысының Созақ ауданындағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда компания әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ операторы болып табылады.

Тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің, сондай-ақ жұмыстың және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының арқасында КАТКО әлемдегі ең ірі және табысты уран өндіруші кәсіпорындарының бірі, Қазақстан Республикасындағы уран өндіру өнеркәсібінің озық үлгісі болып саналады.

Байланыс ақпараты :
Z05P7Y7, Қазақстан,
Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 16 ғимарат
Тел.: +7 7172 69 21 21
Факс.: +7 7172 69 21 20
e-mail: katco_general@orano.group
Заказ звонка
Please let us know your name.

Please let us know your email address.