ТҰРАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Еңбекті және денсаулық қорғау, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саласындағы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестік — КАТКО-ның стратегиялық басымдығы.
КАТКО – атом саласының әлемдегі екі жетекші компания – француздық «Орано» мен қазақстандық "Қазатомөнеркәсіптің" бірлескен кәсіпорны және тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын компаниялардың табысты әріптестігінің үлгісі. Қазақстан қатысушысы болып табылатын КАТКО өндіруші салалар ашықтығының бастамасы шеңберінде транспаренттілік стандарттарын ұстанады және Орано мүшесі болып табылатын Халықаралық тау-кен ісі және металдар жөніндегі кеңестің (ICMM) саясаты мен іс-тәжірибесін сақтайды.
Тұрақты даму бағдарламасын сақтау шеңберінде КАТКО 2 жылда бір рет Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілік (КӘЖ) бойынша есеп жариялайды.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау КАТКО-ның негізгі қағидаттар мен басты басымдықтары болып табылады. КАТКО-дағы қауіпсіздікке деген ұмтылыс өз қызметкерлеріне де, компания жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдар мен жеткізушілердің бүкіл тобына да қатысты. Компанияның мақсаты - жазатайым оқиғалардың абсолютті нөлдік көрсеткішіне қол жеткізу.
Астана қаласындағы өндірістік учаскелерде және бас кеңседе жыл сайын Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі, сондай–ақ қауіпсіздіктің оң мәдениетін қалыптастыру мақсатында қызметкерлер мен мердігерлердің қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру үшін - арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі.
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС
Уран кендерінің табиғи радиоактивтілігіне байланысты, КАТКО және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне сәулеленудің әсерін шектеу бойынша ерекше шаралар қабылдануда. КАТКО ALARA қағидатын (іс жүзінде қол жеткізуге болатын ең төменгі тәуекел қағидаты) қолдана отырып, өз қызметкерлеріне радиоактивті сәулеленудің әсер ету дәрежесін ең төменгі деңгейінде ұстап тұру өзінің міндеті деп есептейді.
Радиологиялық бақылау ұдайы жүргізіледі. Радиоактивті заттармен байланыста болатын жұмысшылардың жеке дозиметрлері болады, оларды тоқсан сайын тәуелсіз аккредиттелген зертханалар тексереді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қоршаған ортаны қорғау КАТКО қызметі стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Компанияның міндеті - мүмкіндігінше жаңартылатын энергия ресурстарын пайдалану, материалдарды қайта өңдеу және қайта пайдалану үлесін ұлғайту арқылы өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша бақылау және жұмсарту.
ЖҰШ әдісін қолданатын тау-кен компаниясы ретінде КАТКО-ның ұзақ мерзімді мақсаты - пайдаланылған учаскелердің экожүйесін мүмкіндігінше бастапқы күйге келтіру болып табылады. Қызметкерлер жауапкершілікпен әрекет етеотырып, бақылау шараларын жүргізе отырып компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерін жақсартуға ұмтылуы керек.
Осылайша, қызметкерлер ағаштар отырғызып, ұдайы сенбілікке шығып, қоқыс сұрыптайды. Сондай-ақ, жыл сайын айналадағы кенттердің мектептерінде компания қызметкерлері оқушыларға экология мен қоршаған ортаны қорғау жобаларына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы білім беру жұмыстарын жүргізіп тұрады.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
КАТКО жергілікті қауымдастықтармен ашық қарым-қатынас жасауға ниеттенген жауапкершілігі жоғары ұйым болуға ұмтылады. Компания қызметкерлері Қазақстанда тұрады, олардың басым көпшілігі, яғни шамамен 53%–ы Түркістан облысының Созақ ауданының тұрғындары, ал ұжымның 98%-ы - Қазақстан азаматтары.
КАТКО Түркістан облысының Созағ ауданындағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл бағдарламасы аясында компания аудандық және аймақтық билік органдарымен келісімдер жасасты. Жыл сайын КАТКО Созақ ауданының әкімдігімен бірлесіп өз міндеттемелері шеңберінде жобалар жоспарын бекітеді және жергілікті халыққа ұзақ мерзімді ықпал етуге бағытталған жобаларды іске асырумен айналысады. Жыл сайын компания халықтың әлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ өңірдің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 30-дан астам бастаманы қаржыландырады.
Компанияның әлеуметтік қызметінің тағы бір бағыты жергілікті кенттердің тұрғындарын КАТКО-ның қызметі, ағымдағы жобалар, ЖҰШ технологиялары, компанияның экологиялық және әлеуметтік іс-шаралары туралы хабардар ету болып табылады.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Адамдар - КАТКО-ның негізгі капиталы және басты құндылығы. Компания өз қызметкерлеріне кәсіби дағдыларды дамыту және компания ішінде өсу мүмкіндіктерін ұсыну үшін қолдан келгенін жасайды.
КАТКО-ның міндеті - қызметкерлерінің компанияда жұмыс істегендерін мақтан тұтуына қол жеткізу. Компания талантты қызметкерлердің неғұрлым көп бөлігін тарту үшін Қазақстандағы үздік жұмыс беруші ретінде танылу жолында тұрақты атсалысуда.
КАТКО қызметкерлерінің негізгі бөлігі өздері өскен және отбасыларымен бірге тұратын жақын маңдағы ауылдардан шыққан. 1200 қызметкердің 50%–дан астамы – Созақ ауданының тұрғындары, тағы 20%-ға жуығы - Түркістан облысының басқа аудандарының тұрғындары. Компания менеджерлерінің шамамен 55%-ы жергілікті тұрғындар.
ИННОВАЦИЯЛАР
КАТКО Қазақстанның және бүкіл әлемнің уран саласында инновацияларды қолдануда көшбасшы компания болып табылады. Компания қазақстандық тараптың ауқымды қолданбалы білімі мен француздық бас компанияның жаһандық көшбасшылыққа деген ауқымды көзқарасын ұштастырудың бірегей мүмкіндігіне ие. КАТКО-ның өз жоғары өнімді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталығы бар, ол екі компания үшін де инновация көзіне айналды.
КАТКО міндеті еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асырудың есебінен өз қызметінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру болып табылады.