ӘЛЕМ ҮШІН ЭНЕРГИЯ
КАТКО - жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіру бойынша ең ірі және техникалық жағынан озық кәсіпорындардың бірі, 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы мен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының ынтымақтастығы арқасында құрылды.
КАТКО уран кен орындарын игереді, U3O8 уран шала тотығын-тотығын өндіреді және сатады. Компания Төрткұдық және Мойынқұм учаскелеріндегі екі өңдеу зауытын пайдаланады.
Мойынқұм учаскесіндегі өңдеу зауытында құрамында уран мөлшері жоғары ерітінді – десорбат өндіріледі, ол Торткұдық учаскесіндегі өңдеу зауытына тасымалданады, онда дайын өнім – U3O8 уран шала тотығы-тотығы алынады.
Төрткұдық учаскесіндегі өңдеу зауыты әлемдегі ең ірі және заманауи техникалық жабдықталған зауыттардың бірі болып саналады. Зауытта атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін қолданылатын U3O8 уран шала тотығын-тотығын шығаратын елдегі ең ірі пештердің бірі (кальцинатор) орналасқан.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УРАН КЕН ОРЫНДАРЫ
Қазақстан аумағындағы уран қорлары мен ресурстары 700 мың тоннадан астам, жалпы әлемдік көлемнің шамамен 14%-ын құрайды. Қазақстан уранның барланған қорларының көлемі бойынша әлемдегі екінші ел болып табылады.
2009 жылы Қазақстан уранның ірі өндірушісі болды және әлемдік өндірістің 40%-ын құрайтын жаһандық нарықта көшбасшылық позициясын сақтауды жалғастыруда.
Қазақстанда уран өндіру тек қана жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүзеге асырылады. Елде өндірілген барлық уран әлемдік нарыққа экспортталады: Франция, Қытай, Ресей, Канада және басқа елдер.