ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Қызметкерлер мен жергілікті қауымдастықтар алдындағы міндеттемелер

Адам құқықтары

КАТКО-ның Комплаенс жүйесі КАТКО қызметін комплаенс сүйемелдеуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ықпал саудасы мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен халықаралық тәжірибенің сақталуын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, эксаумақты іс-қимылы бар және КАТКО қызметіне ықпал ететін басқа елдердің заңнамасын сақтамау салдарынан туындайтын комплаенс тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Компанияның Этика саласындағы стандарттары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған;

КАТКО-ның Комплаенс басқармасы өз қызметінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын, Француз Республикасының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы "Ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономиканы жаңғырту туралы" 2016-1691 Заңын, КАТКО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ КАТКО-ның комплаенс саласындағы, мысалы: Біздің этика және бизнес жүргізу кодексі, Комплаенс Саясаты, Бастамашылықпен ақпарат беру саясаты, Сыйлықтар жөніндегі саясаты, Үшінші тұлғаларды комплаенс тексеру рәсімі және т.б. сияқты ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, этикалық нормаларды бұзушылық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлау үшін КАТКО қызметкерлері OranoEthic.signalement.net қорғалған веб-платформасына хабарлама жіберу арқылы жүгіне алады.

КАТКО қызметкерлері тарапынан ондай бұзушылықтар орын алған жағдайда үшінші тұлғалар G-ORN-KATCO-COMPLIANCE@orano.group электрондық мекенжайына жүгіне алады. Бұл электрондық мекенжай Компанияның барлық шарттарында көрсетілген және КАТКО-мен шарттық қатынастардағы барлық Үшінші тұлғалар үшін қолжетімді.

КАТКО комплаенс тәуекелдерді төмендету үшін жедел ден қою шаралары мен іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушінің қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.


Басшыға жазбаша түрде өтініштер

«Жедел желі» / шағымдар жәшігі сенім ақпараттық жүйесі

Комплаенс қызметінің «жедел желісі»
pdf

Əдеп кодексiмiз

Size: 415.81 KB
Hits : 139
Date added: 2023-11-21
КАТКО ТУРАЛЫ

"КАТКО" БК ЖШС-ны 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы (51%) мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ қазақстандық ұлттық атом компаниясы (49%) Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеру үшін құрды.

Өзінің әлеуметтік бағдарлануымен және жауапкершілігімен танымал КАТКО Түркістан облысының Созақ ауданындағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда компания әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ операторы болып табылады.

Тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің, сондай-ақ жұмыстың және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының арқасында КАТКО әлемдегі ең ірі және табысты уран өндіруші кәсіпорындарының бірі, Қазақстан Республикасындағы уран өндіру өнеркәсібінің озық үлгісі болып саналады.

Байланыс ақпараты :
Z05P7Y7, Қазақстан,
Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 16 ғимарат
Тел.: +7 7172 69 21 21
Факс.: +7 7172 69 21 20
e-mail: katco_general@orano.group
Заказ звонка
Please let us know your name.

Please let us know your email address.