КАТКО-ға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР
ЖҰШ әдісімен уран өндіретін жауапты компания

"КАТКО" қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны 1996 жылы «Орано» француздық мемлекеттік компаниясы мен "Қазатомөнеркәсіп" қазақстандық ұлттық атом компаниясының ынтымақтастығы нәтижесінде құрылды. Акционерлердің үлесіне тиісінше акциялардың 51% және 49% тиесілі.

КАТКО Түркістан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм кен орнының Төрткұдық және Мойынқұм учаскелерінде уран игеруді, өндіруді және өңдеуді жүргізеді.

Компания кен орындарын игерудің ең экологиялық қауіпсіз және арзан әдісі болып табылатын жерасты ұңғымаларын шаймалау (ЖҰШ) технологиясын қолданады. Әлемдегі уранның 50%-дан астамы ЖҰШ әдісі қолданылып өндіріледі. Бүгінгі таңда КАТКО әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ-операторы болып табылады.

2022 жылдың тамызында КАТКО жаңа учаске – Оңтүстік Төрткұдықта өндіруге арналған лицензия алды. Учаскенің жұмыс істеп тұрған учаскелердің аралығында орналасуы компанияның келесі онжылдықта тұрақты өндірісін қамтамасыз етеді.

KATKO-ның миссиясы - біздің қызметкерлер бен тәжірибенің арқасында қауіпсіз және тұрақты жұмыс істейтін, дүние жүзі бойынша тапсырыс берушілер үшін үлгілі уран өндіруші компания болу.

Қазақстанның оңтүстігіндегі 3 өндіру учаскесі
45 000 тоннадан астам уран - өндірудің жиынтық көлемі
Қазақстанның ТОП-50 ең ірі компанияларының қатарында
Қызметкерлердің 98% - Қазақстан тұрғындары
КАТКО-ның "Кеше, бүгін, ертең" КІТАБЫ
2021 жылы компания 1996 жылы құрылғаннан кейінгі өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Компанияның құрылу тарихы және оның әлемдік уран өндіру өнеркәсібіндегі орны, ағымдағы қызметі мен жобалары, сондай-ақ компанияның болашаққа деген көзқарасы туралы мәлімет алу үшін кітапты жүктеп алыңыз.
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК (КӘЖ) БОЙЫНША ЕСЕП
КАТКО - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы есепті 2 жылда бір рет жариялайтын әлеуметтік жауапты компания. GRI және ICMM стандарттарына сәйкес жасалған есепте тұрақты даму саласындағы КАТКО қызметі туралы ақпарат қамтылған.
ЖАРНАМАЛЫҚ БЕЙНЕ
КАТКО ТУРАЛЫ

"КАТКО" БК ЖШС-ны 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы (51%) мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ қазақстандық ұлттық атом компаниясы (49%) Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеру үшін құрды.

Өзінің әлеуметтік бағдарлануымен және жауапкершілігімен танымал КАТКО Түркістан облысының Созақ ауданындағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда компания әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ операторы болып табылады.

Тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің, сондай-ақ жұмыстың және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының арқасында КАТКО әлемдегі ең ірі және табысты уран өндіруші кәсіпорындарының бірі, Қазақстан Республикасындағы уран өндіру өнеркәсібінің озық үлгісі болып саналады.

Байланыс ақпараты :
Z05P7Y7, Қазақстан,
Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 16 ғимарат
Тел.: +7 7172 69 21 21
Факс.: +7 7172 69 21 20
e-mail: katco_general@orano.group
Заказ звонка
Please let us know your name.

Please let us know your email address.