КАТКО-ның СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Оңтүстік Төртқұдық: Қазақстанда уранды стратегиялық өндірудің жаңа дәуірі басталады!

2025 жылғы 3 шілде – Orano мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірлескен кәсіпорны KATKO үшін тарихи күнге айналды: Қазақстандағы Оңтүстік Төртқұдық учаскесінде жаңа уран өңдеу зауыты ашылды. Бұл шешуші кезең KATKO-ның әлемдік деңгейдегі ірі ойыншылардың бірі ретіндегі орнын нығайтып, төмен көміртекті ядролық энергияны жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Қазақстанның оңтүстігінде, Шымкенттен шамамен 300 километр солтүстікке қарай Түркістан облысында орналасқан Оңтүстік Төртқұдық ауқымды Мойынқұм уран кенішінің бір бөлігі болып табылады. Жалпы мөлшері 190 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестициялардың нәтижесі болған бұл жоба қысқа мерзім - үш жылдың ішінде қауіпсіздік саласындағы керемет көрсеткіштермен іске асырылды.

Жаһандық ықпалы бар стратегиялық нысан

Image

Оңтүстік Төртқұдықта уранның 46 000 тоннаға жуық ірі қорлары бар. Жаңа өңдеу зауытының жылына 2 000 тонна уран өңдеу қуаты бар және онда кен орнының оңтүстік бөлігінен алынатын уран ерітінділерін өңдеу көзделген. Осы жаңа учаскедегі өндіру қазіргі кезде игеріліп жатқан аймақтарды бірте-бірте алмастырып, осылайша КАТКО-ның өндірістік қызмет мерзімін алдағы көптеген жылдарға ұзартады. 2026 жылдан бастап КАТКО өзінің атаулы өндіру деңгейі - жылына 4 000 тонна уран өндіруді, осылайша жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын (ISR) пайдаланатын уран кеніштерінің әлемдегі ең ірі операторларының арасындағы өз орнын айқындап және дүние жүзіндегі уран өндірудің 7%-ынан астамын қамтамасыз етуді көздеп отыр.

KATCO мен оның серіктестері үшін маңызды белес

Image

Оңтүстік Төртқұдық учаскесінде жаңа уран өңдеу зауытының ашылуы КАТКО үшін осынау стратегиялық тау-кен өндіру нысанының толық өнеркәсіптік пайдалану сатысына өту белгісі болып табылады. Салтанатты шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, жергілікті биліктің өкілдері, Қазақстандағы Франция елшісі және жергілікті қоғамдастықтардың өкілдері қатысып, жобаның маңыздылығын айшықтады.

Қызметіміздің негізі – инновация және жауапкершілік

Image

Оңтүстік Төртқұдық учаскесі халықаралық үздік тәжірибелерге сәйкес жобаланған және қоршаған ортаға әсерді азайтуға ерекше мән бере отырып пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, бұл ISR (ЖҰШ, жерасты ұңғымалық шаймалау) технологиясы бойынша жылдам әрі тиімді операциялар жүргізу үшін ұңғыма алаңдарын цифрландырудың есебінен көміртегі ізін азайтуды көздейді. ISR (In-Situ Recovery, ЖҰШ) – қоршаушы жынысты шығарусыз, кен орнына ерітінді айдамалау жолымен уран өндіруге мүмкіндік беретін, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын озық технология. Бұл жобалау үлгісі сондай-ақ тау-кен өндіру қызметін оңтайландыру мақсатында операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған. Оңтүстік Төртқұдық жобасының сәтті аяқталуы КАТКО-ны атом электр қуатын өндіру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес үшін шешуші маңызы бар ISR әдісімен уран өндіру жөніндегі әлемдегі ең ірі операциялардың бірі ретінде танытады.

Сарапшы топтар қамтамасыз еткен жетістік

Image

Осынау өршіл жобаны іске асыру КАТКО-ның 1 300 қызметкерінің, Orano сарапшыларының тәжірибесі мен біліктілігінің және «Қазатомөнеркәсіп» тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында мүмкін болды. Олардың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне бұлжымас бейілділігі, әрдайым инновациялар енгізуге ұмтылысы және алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеруі жобаны жоспарланған мерзімде және қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып іске асыруға мүмкіндік берді.

КАТКО ТУРАЛЫ

"КАТКО" БК ЖШС-ны 1996 жылы "Орано" француздық мемлекеттік компаниясы (51%) мен "Қазатомөнеркәсіп" АҚ қазақстандық ұлттық атом компаниясы (49%) Қазақстан Республикасында уран кен орындарын игеру үшін құрды.

Өзінің әлеуметтік бағдарлануымен және жауапкершілігімен танымал КАТКО Түркістан облысының Созақ ауданындағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда компания әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірінің ЖҰШ операторы болып табылады.

Тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің, сондай-ақ жұмыстың және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының арқасында КАТКО әлемдегі ең ірі және табысты уран өндіруші кәсіпорындарының бірі, Қазақстан Республикасындағы уран өндіру өнеркәсібінің озық үлгісі болып саналады.

Байланыс ақпараты :
Z05P7Y7, Қазақстан,
Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 16 ғимарат
Тел.: +7 7172 69 21 21
Факс.: +7 7172 69 21 20
e-mail: katco_general@orano.group
Заказ звонка
Please let us know your name.

Please let us know your email address.